Астанада Қабанбай батыр даңғылы жөндеуге жабылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына жабылады, деп хабарлайды  қала әкімдігінің ресми сайты.

Атап айтқанда, 24 - 27 тамыз аралығында Қабанбай батыр даңғылының Нұра-Есіл арнасынан Әуежайға дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болмау үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген сайтта.

Еске салайық, бұған дейін Сығанақ көшесінің жабылғаны хабарланды. Жөндеу жұмыстары 22 тамыз - 1 қыркүйек аралығында жүреді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте