Мемлекеттік бюджеттің шығындары мен кірістерінің сальдосы оң болып шықты

1719

Биылғы жылдың қаңтар–маусым айларында мемлекеттік бюджет кірісі 9,9 трлн теңгені құрады, бұл былтырғы көрсеткіштен 36,8% артық, деп хабарлайды finprom.kz.

Ал мемлекеттік бюджет шығындары өткен жылдың қаңтар–маусымымен салыстырғанда 19,5% артып, 9,7 трлн теңгеге жетті.

Кіріс пен шығын арасындағы айырмашылық 188,1 млрд теңгені құрады. Салыстыру үшін: былтырғы айырмашылық, яғни сальдо 895,6 млрд теңгеге теріс болған еді.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, мемлекеттік бюджет шығындарының басым бөлігі — 24%-ы білім беруге жұмсалды: 2,3 трлн теңге (былтырғыдан 28,7% көп).

Шығындардың тағы 22,5%-ы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалды: 2,2 трлн теңге, былтырғыдан 8,9% артық.

Өз кезегінде шығындардың 10%-ы денсаулық сақтау саласына бағытталды: 977,6 млрд теңге.

Былтырдан бері шығындардың ең көп өсуі қорғаныс секторында (38,9%, 486,4 млрд теңгеге дейін) байқалды, ең азы денсаулық сақтау секторында болды.

Бұл ретте мемлекет кірістерінің 72%-дан астамы бюджетке түсетін салық түсімдері болды: 7,2 трлн теңге, былтырғыдан бірден 46,8% көп.

Былтырдан бері салықтық емес түсімдер 28,2%, яғни 214,6 млрд теңгеге, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 32,8%, 110 млрд теңгеге дейін өсті.

Трансферттердің түсімдері де өсті: бір жылда 14,7%, яғни 2,4 трлн теңгеге дейін көбейді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить