500-ге жуық шетелдік көлікті заңсыз тіркегендер анықталды - Антикор

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары кезінде Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен полиция қызметкерлерінің мемлекеттік тіркеуден өткен көлік құралдарын тіркеу кезінде заңсыз баюдың қылмыстық схемасын әшкерелеп, жолын кесті. Бұл туралы Антикордың әлеуметтік желідегі парақшасы хабарлайды.

Тергеу барысында Нұр-Сұлтан қаласының №2 Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының маманы – Т-ның және Алматы облысы бойынша ДПП Процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторының заңсыз әрекеттерге қатысы бар екені анықталды.

Аталған тұлғалар жүйелі негізде көлік құралдарын, оның ішінде шет мемлекеттерден әкелінген көлік құралдарын кәдеге жарату төлемін және бюджетке көзделген басқа да төлемдерді төлемей, ақшалай сыйақыға заңсыз тіркеген.

Ағымдағы жылдың 14 тамызында тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Тергеудің осы кезеңінде республика бойынша көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық фактісі анықталып, осыған байланысты Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің және басқа өңірлерден полиция қызметкерлерінің қатысуы тексерілуде.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша барлық қатысы бар тұлғаларға құқықтық баға беріледі.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1249 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить