Биыл Қазақстанға 200 мыңға жуық шетелдік турист келген

1556

 Қазақстанға 200 мыңға жуық шетелдік турист келген. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлайды.

еQonaq ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, жыл басынан бері ел аумағына 195 149 шетелдік турист келген. 2020 жылғы қарашада іске қосылған жүйе қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 3 қаланы және 14 облыс орталығын қамтиды.

Биылдың өзінде статистикаға сай шетелдік туристер басым өңірлер қатарында:

- Алматы (73 012 адам);

- Нұр-Сұлтан (44 859 адам);

- Қызылорда облысы (9735адам);

- Маңғыстау облысы (9384 адам) бар.

Олардың 67% - ын Ресей Федерациясынан, 16% - ын Өзбекстаннан, 6% -ын Түркиядан, 4% - ын ҚХР-дан және 7% - ын басқа мемлекеттерден келген туристер құрайды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить