«Евразия» СК Walmart қоймасындағы өрт үшін $11 млн төлейді

2101

 «Евразия» сақтандыру компаниясы осы жылдың 16 наурызында Индиана штатының Плейнфилд қаласында болған Walmart тарату орталығындағы өрт үшін 11,25 млн доллар төлейді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, мүліктің зақымдануы және Компанияның операциялық қызметін қалпына келтіру кезінде өндірістегі үзілісті қоса алғанда, залалдың жалпы сомасы 144 миллион долларды құрайды. Walmart өз тәуекелдерін «Евразия» СК компаниясында үш жыл қатарынан қайта сақтандыруда.

Өрттің жалпы ауданы 112 мың шаршы метрді құрады – бұл 20 футбол алаңының аумағына тең. Тарату орталығының ғимараты, сонымен қатар ішіндегі барлық тауарлар: киім, тамақ және электроника, сондай-ақ орталықтың тұрағында тұрған және жүк жөнелтуге дайын ондаған жүк көлігі іс жүзінде толығымен жойылды.
«Walmart – биыл қайта сақтандыру қызметінің халықаралық бағыты аясында жүзеге асырылатын ірі төлемдердің бірі. «Евразия» өзіне осындай тәуекелдерді қабылдауға және барлық міндеттемелер бойынша тез әрі толық көлемде жауап беруге дайын. Бірқатар ірі төлемдерге қарамастан, халықаралық қайта сақтандыру компанияға пайданың едәуір бөлігін әкелуді жалғастыруда. Алғашқы жарты жылдың ішінде біз бейрезиденттерден шамамен 40 млрд теңге сыйлықақы жинадық, бұл Қазақстандағы барлық кіріс қайта сақтандырудың 90% - ын құрайды», – деп атап өтті Нурмухамед Тульбаев, «Евразия» СК атқарушы директоры, Басқарма мүшесі.

Walmart тарату орталығындағы өрт Индиана штатының тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі болды. Өртке қарсы күреске 30 өрт сөндіру бөлімі, Плейнфилд өрт сөндіру бөлімінің 350 қызметкері және штаттың жақын маңдағы округтері қатысты. Өрт сөндірушілер өрт кезінде ғимаратта болған мыңнан астам қызметкерлерді эвакуациялады. Бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандар болған жоқ.

Куәгерлер өрт ошағынан будақтаған түтінді 150 шақырым радиуста байқаған; сонымен қатар, түтіннен қара бұлт тіпті климаттық спутниктік суреттерде де тіркелген.

«Евразия» СК сақтандыру төлемін залал мөлшері туралы құжаттардың толық пакетін ұсынғаннан кейін ең қысқа мерзімде Walmart-қа аударатын болады. Өз тарапынан Walmart ғимараттың толықтай бұзылуына байланысты орталықтың жұмысын қалпына келтіруді жоспарлап отырған жоқ. Walmart өрттің салдарынан жойылған тарату орталығында бұрын жұмыс істеген 2 мың адамнан тұратын қызметкерлердің жартысын басқа бөлімшелерге жұмысқа ауыстырды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить