Елімізде докторантураға түсу емтихандары басталды

2547

Бүгін елімізде докторантураға түсу емтихандары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Емтихандар 20 тамызға дейін жалғасады. Оқуға түсу емтиханының күні, уақыты, орны туралы ақпарат жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде 10 тамызда жарияланды. Өткізіп алмаңыздар! Емтихан нәтижесі келесі күні оқуға түсетін адамның «жеке кабинетінде» жарияланады», - делінген Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінде.

Апелляцияға арналған өтініш нәтиже жарияланғаннан кейін келесі күні аймақтық тестілеу орталықтары базасында қабылданады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 12 тамызда магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить