Астанадағы «Арқар» көпірі бүгіннен бастап 5 қыркүйекке дейін жабылады

2364

Бүгін астанадағы «Арқар» көпірінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы басталады. Осыған байланысты автожол жабық болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, 15 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айрығы учаскесінен Р. Қошқарбаев даңғылына дейінгі «Арқар» (М1) көпірінің жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі.

Осыған байланысты, 15-24 тамыз аралығында көпірді Р. Қошқарбаев даңғылы бағытында, 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Сарайшық көшесі бағытында жабу жоспарланып отыр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить