Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы алаяқтық үшін сотталды

1636

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Джапаровқа 45 млн теңге айыппұл жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

«12 тамызда Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Джапаров алаяқтық үшін кінәлі деп танылып, оған 45 млн теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

2020 жылдың қыркүйек айында Джапаров субсидия төлеу заңдылығы бойынша оңтайлы аудиторлық есеп беруге ықпал еткені үшін кәсіпкерден 3 млн теңге алған», - делінген ресми хабарламада.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить