1941 жылдан бері Қазақстанда небәрі 89 ұшақ апаты болған

1695

Бұл Қырғызстандағыдан төрт есе көп, Ресейдегіден 16 есе аз, деп хабарлайлы finprom.kz

Қазіргі уақытта әуе апаттары жиі орын алатын сияқты. Осы себепті халықтың уайымы бар. Дегенмен, статистикаға қарайтын болсақ, жалпы әуе апаттары өте сирек кездеседі. Оның үстіне, олардың арасында коммерциялық жолаушылар рейстері өте аз.

2022 жылдың басынан бері Қазақстанда бір ғана ұшақ апаты болды. Ақпан айында жедел жәрдем рейсімен келе жатқан ұшақ өртенген болатын. Бортта екі экипаж мүшесі мен бір дәрігер болған. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Ал өткен жылы үш ұшақ апаты болды. Соның бірі бортында алты адам болған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери ұшағы апатқа ұшырады. Төрт адам қаза тапты. Бұдан басқа екі апат адам өліміне әкелмеді және жолаушылар рейсіне қатысы жоқ.

Сонымен қатар, 2020 жылғы коронадағдарыстан кейінгі уақытта әлемде ірі коммерциялық жолаушылар ұшақтарының 40 авиациялық оқиғасы тіркелді. Олардың бесеуі 299 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды To70 авиаконсалтингтік фирмасы. Мұны әлі де өте сирек кездесетін жағдайларға жатқызуға болады, өйткені сол жылы халықаралық әуе көлігі қауымдастығының бағалауы бойынша әлемде ішкі және жаһандық әуе тасымалының саны 16,4 млн болды.

Қазақстанда 1941 жылдан 2022 жылға дейін Авиациялық қауіпсіздік желісінің (ASN) мәліметінше жолаушылар, әскери және ауылшаруашылық ұшақтарының 89 әуе апаты болған. Бұл жылына орташа есеппен бір апат деген сөз. Апаттардың ең жиі, яғни бір жылда төрт рет болған 1976 жыл еді. Сонымен қатар аталған уақыт аралығында 26 жыл қатарынан бірде-бір әуе апаты тіркелмеген.

ASN мәліметінше, 80 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанда 804 жолаушы әуе апатынан қаза тапқан. Бүкіл есепті кезеңдегі 89 әуе апатының 50-де кем дегенде бір адам қаза болды.

Тек үш коммерциялық ұшақ апаты барлық өлімнің 43% құрады. Бұл кеңестік жолаушылар ұшағы Ту-134, Ту-104 және Ту-154 (кісі ең көп сыятын кеңестік реактивті жолаушылар ұшағы).

1980 жылы Ту-154 ұшағының құлауы Қазақстандағы ең ірі апат болып саналады. «Аэрофлот» ұшағы Алматы — Дондағы Ростов — Симферополь бағыты бойынша ішкі рейсте еді. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 1 минут 40 секундтан соң жерге құлап, толығымен қирады. Борттағы 166 адамның барлығы қаза тапты.

Басқаларға қарағанда жиі апатқа ұшырайтын және адам шығыны бола қоймайтын ұшақтар негізінен Антонов компаниясы шығарған жүк тасымалдаушы ұшақтар. Апат саны ең көп Ан-2Р ауылшаруашылық ұшағы болды. Бұл ұшақтар 18 рет апатқа ұшырап, 26 адам қайтыс болған. Басқа ұшақтардың апатында қаза тапқандар 10-нан аз.

Қазақстандағы әуе апаттарының саны көршілес Ресеймен салыстырғанда айтарлықтай аз. Ресейде дәл осы кезеңде, 1941 жылдан 2022 жылға дейін, кемінде 1395 әуе апаты болған. Бұл Қазақстандағыдан 16 есе көп. Дегенмен, Ресейдегі деректер 1919 жылдан бастап қамтиды. Содан бері осы уақытқа дейін 1416 әуе апаты болды. Оның 613-де жалпы саны 9 432 жолаушы қаза болды.

Орталық Азияға келетін болсақ, Қазақстан 1941 жылдан бері әуе апаттарының саны бойынша аймақта бірінші орында тұр. Одан кейін Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстан.


To70 деректерінше, 2020 жылы ірі коммерциялық ұшақтардың әрбір 1 млн рейсіне өлімге себеп болған 0,27 апат тіркелген. Яғни әрбір 3,7 млн рейсте 1 адам қайтыс болған. Салыстыру үшін: 2019 жылы 1 млн рейске кісі өліміне себеп болған 0,18 апат болған еді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить