Қазақстандық теннисшілердің Цинциннати (АҚШ) турниріндегі қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық теннисшілердің Цинциннати (АҚШ) турниріндегі қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлер арасында 15-21 тамыз аралығында өтетін Цинциннати мастерс жарысында Қазақстанның бірінші, әлемнің 41-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 21-орында тұрған аустралиялық Алекс Де Минаурмен кездеседі.

Әйелдер арасындағы Цинциннати додасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Елена Рыбакина бастапқы бәсекесін іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен өткізеді.

Торонто турнирінің ширек финалына дейін жеткен Юлия Путинцева бірінші айналымда америкалық Мэдисон Кизбен шеберлік байқасады.

Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан Цинциннати турнирі – АҚШ-тың ашық чемпионаты алдындағы ең соңғы ірі жарыс. US Open биыл 29 тамызда басталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Өскемен турнирінің финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2596 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Лилия Рах: Из деревни - к звёздам мировой индустрии моды Смотреть на Youtube