Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Нұр-Сұлтан қаласында Ш.Құдайбердіұлы және Бурабай көшелері қиылысында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ММ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Ш.Құдайбердіұлы және Бурабай көшелері қиылысы (Инженерлік жүйе құрылысы) бойынша жұмыс басталғанын мәлім етті.

Осыған байланысты, 12-16 тамыз аралығында Ш.Құдайбердіұлы және Бурабай көшелері қиылысында көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2620 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить