Қорғаныс министрлігінің ақпараттық мәлімдемесі

2976

Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлері артиллеристерінің лагерлік жиыны өтеді.

Жиын өтетін орында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін әскери техника Ақтөбе бекетінен Маңғыстау бекетіне дейін теміржол көлігімен тасымалданады.

Әскери техниканың қозғалысы сондай-ақ 15 тамызда да (дүйсенбі күні) іске асырылады. Алматы, Шымкент, Қонаев, Тараз, Талдықорған, Сарыөзек және Құландыдағы әскери бөлімдер орналасқан жерлерден әскери техника лектері жауынгерлік дайындық бойынша сабақтар өткізілетін Жамбыл облысы Гвардейск кентіндегі «Мәтібұлақ» полигонына қарай қозғалады.

Әскери техника лектерінің жүру бағыттары мен уақыты жергілікті атқарушы органдармен келісілген.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить