Бұхара мемлекеттік университетінің делегациясы арнайы сапармен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келді

Сапар барысында тараптар ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен білім беру бағдарламаларын құру мәселелерін талқылады.

Кездесуге ҚазҰУ Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің директоры Еркежан Әпсеметова және Бұхара мемлекеттік университетінің Түлектермен жұмыс және түлектер клубы басқармасының басшысы Лола Жалилова қатысты.

Еркежан Әпсеметова ҚазҰУ-дың ғылым мен білімді дамыту саласында шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықта мол тәжірибесі бар екенін атап өтті. Қазіргі уақытта университет Өзбекстанның химия, медицина, математика және т.б. салалардағы бірнеше жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан.

Басқосуда құрметті қонақ мемлекеттің және Орталық Азияның көне әрі ірі университеттерінің бірі саналатын Бұхара мемлекеттік университетінің жетістіктері туралы айтты.

Сапардың негізгі мақсаты – филология факультетімен бірлескен білім беру бағдарламасын құру және университет түлектерімен тәжірибе алмасу. Сондай-ақ кездесу аясында білім ордасының құрылымы таныстырылып, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түлектер қауымдастығы мен Мансап орталығының тәжірибесін Бұхара мемлекеттік университетінде қолдану мәселелері талқыланды. Нәтижесінде университеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2622 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Лилия Рах: Из деревни - к звёздам мировой индустрии моды Смотреть на Youtube