Алматыда есірткі құралдарын әкелудің жолы кесілді

2122

Қылмыскерлер есірткіні тіпті балалар тамағына арналған ыдыстарда да тасымалдауға тырысқан. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 24 келіге жуық.

Тек 2022 жылдың басынан бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері Алматы қаласының Әуе көлігі прокуратурасының үйлестіруімен есірткі заттарын жеткізудің 23 әрекетінің жолын кесті. Өткен 2021 жылы есірткі заттарын Қазақстанға әкелудің 14 фактісінің жолы кесілген.

Өткен жылы да, ағымдағы жылы да негізінен есірткі заттарын АҚШ, Канада және Нидерландыдан әкелуге тырысты.

Қаскүнемдер есірткіні жеткізудің күрделі әдістерін қолдануда. Тұрмыстық техникада, ойыншықтарда, балалар тамағына арналған ыдыстарда және басқа да заттарда есірткі құралдарын әкелу әрекеттері жүзеге асырылған.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить