Ресей рублі 8 теңгеге жуықтады

Алматы мен Нұр- Сұлтан қаласындағы ақша айырбастау орындарында рубль 7,2 - 7,6 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бір рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы 7, 9 теңге.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 7 тамыздағы жағдай бойынша Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,93 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 7,2 – 7,6 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал Нұр-Сұлтанда 7,25 – 7,55 теңге аралығында құбылып тұр.

АҚШ ақшасы 475-480 теңге аралығында саудаланып жатыр.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте