Қазақстанның Қытайдағы Елшісі ҚХР Cыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Қазақстан Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Cыртқы істер министрінің орынбасары Ма Чжаосюймен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың түрлі салалардағы ынтымақтастығының өзекті мәселелері, сонымен қатар, көпжақты құрылымдар шеңберіндегі тараптардың өзара әрекеттестігі қарастырылды.

Сұхбат барысында алдағы уақытта өтетін жоғары және жоғарғы деңгейдегі екіжақты шаралар кестесіне, сондай-ақ ағымдағы жылы қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін АӨСШК саммитіне дайындық мәселелеріне баса назар аударылды.

Ш.Нұрышев қытайлық тарапқа Қазақстан-Қытай қатынастарына қосымша серпін беру және келісімдік-құқықтық базаны жетілдіру мақсатында ҚР және ҚХР мемлекеттік органдарының қарастыруындағы екіжақты құжаттардың жобаларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде келісуді ұсынды.

Өз тарапынан, Ма Чжаосюй көтерілген мәселелердің маңызды екенін айтып, қытайлық тараптың аталған сұрақтар бойынша белсенді өзара ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Сонымен бірге, ол Қытайдың сыртқы саяси мекемесі ағымдағы жылға жоспарланған шараларды табысты ұйымдастыру үшін ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігімен тығыз қатынасқа дайын екенін хабарлады.

Тараптар қазақстандық студенттерді Қытайдың жоғары оқу орындарында дәстүрлі форматта оқыту, екі ел азаматтарының өзара сапарлары үшін визасыз тәртіп енгізу және Нұр-Сұлтан мен Бейжің арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру жөніндегі уағдаластықтарды практикалық іске асыруды жалғастыруға келісті.

Кездесудің соңында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2693 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить