Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулық қабылданады

Қорғаныс министрлігі «Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығының жобасын дайындады.

Бұл құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы №357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 132) тармақшасының негізінде қабылданады.

Аталған бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 18 тамызына дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1885 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить