Қазақстанда некені тіркеу мерзімін екі есеге қысқартты

Қазақстанның Әділет министрі 2022 жылғы 28 маусымдағы бұйрығымен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізді.

Атап айтқанда, өтініш бергеннен кейін тіркеу күнін тағайындау мерзімі бір айдан 15 күнге дейін қысқартылды.

"Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың қатысуымен 15-ші күнтізбелік күні тіркеледі, ол неке қию туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс істемейтін күнге тура келсе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі", - делінген құжатта.

Сонымен бірге, некеге тұратын адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен (жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталған дәлелді себептер болған кезде (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар)), тіркеуші органның бастығы неке қиюды мемлекеттік тіркеу мерзімін күнтізбелік 15 күн өткенге дейін қысқарта алады не бұл мерзімді ұлғайта алады, бірақ 15 күнтізбелік күннен артық емес.

Бұл ретте, жекелеген жағдайларда неке қиюды мемлекеттік тіркеуді күту мерзімін ұзарту тіркеуші органның бастамасы бойынша неке қиюды мемлекеттік тіркеуге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде ғана мүмкін болатыны көрсетіледі.

15 күнтізбелік күнді қысқарту немесе көбейту туралы рұқсатты неке қию туралы өтініште тіркеуші органның бастығы, ал ол болмаған кезде – оның міндетін атқарушы адам қарар түрінде береді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2711 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить