Газ саласында 10 инвестициялық жоба іске асырылуда

Газ саласында газ тасымалдау жүйесін салуға, жаңғыртуға, жылу электр орталықтары мен елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайтуға бағытталған 10 инвестициялық жоба іске асырылуда.

ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақовтың мәліметінше 10 жобаның 2-уін осы жылы аяқтау жоспарланған, алтауы іске асыру сатысында және 2 жоба бойынша жұмыстар 2023 жылы басталады.

«Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 2,6 мың жұмыс орны, оның ішінде 2 447 уақытша, 154 тұрақты жұмыс орны құрылатын болады. Биыл І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 855 жұмыс орны құрылды, сондай-ақ жыл соңына дейін қосымша 1 141 жұмыс орнын құру жоспарланған. Электр энергетикасы саласында 2025 жылға дейін 6 мың уақытша және 698 тұрақты жұмыс орны құрылатын 17 инвестициялық жобаны іске асырылады. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған жылу электр орталықтарын жаңғырту бойынша 12 инвестициялық келісім іске асырылуда, сондай-ақ Алматы қаласының кабельдік желілерін қайта жаңарту және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары арасында транзиттің екінші тізбегін салу жүргізіліп жатыр. Осы жылдың соңында Алматы қаласындағы 2-ші жылу электр орталығында қуаты 400 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысының құрылысы басталады. Бірінші жартыжылдықта 905 жұмыс орны құрылды, екінші жартыжылдықта 85 жұмыс орнын құрылмақ», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен қатар Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ қондырғысын салуға арналған аукцион аяқталды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте