Эпидемиологиялық жағдайдың болжамы ай сайын алдағы 3 айға арналып жаңартылып отырады
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингке денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жаңартылған болжамымен таныстырды, деп хабарлайды ortcom.kz.
«Өздеріңіз білетіндей, Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын алдағы 3 айға арналған болжамын жаңартып отырады. Пессимистік сценарийде ең көп тіркелген жағдайлар тәулігіне 4000 науқасқа дейін, реалистік сценарийде тәулігіне 2500 жағдайға дейін, оптимистік сценарийде тәулігіне 1000 жағдайға дейін болады. Сырқаттанушылық тамыз айында өседі. Тамыз-қыркүйек айының соңында төмендей бастайды», - деді министр.
Ол қазақстандықтарды өз денсаулығына қамқор болуға шақырды. Қоғамдық орындарда және көлікте бетперде тағу керек. Аурудың алғашқы белгілері байқалса, дәрігерлерге хабарласу қажет.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»