«ҚТЖ» ҰК» АҚ санкциялық шектеулерді қатаң сақтауды міндетіне алады

3128

2022 жылғы 30 маусымда бірқатар басылымдарда қазақстандық «ЖІБЕК ЖОЛЫ» кемесімен Бердянск теңіз сауда порты арқылы Украинадан астық экспортталатыны туралы ақпарат жарияланды.

«KTZ Express» АҚ 2021 жылғы 26 қазанда «KTZ Express Shipping» ЖШС (бұдан әрі – Кеме иесі) ресейлік Green Line LLC компаниясымен бербоут-чартер шартын жасасқанын түсіндіреді, оның ішінде келесі шарттарда:

- дедвейті 7000 тонна «ЖІБЕК ЖОЛЫ» кемесі үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз берілді (2016 жылы Невский кеме жасау және жөндеу зауытынан сатып алынды);

- 2022 жылдың 30 қарашасына дейін жарамды;

- халықаралық тәжірибеге сәйкес санкциялық тармақ бар: «Green Line» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісім-шарт жасасқан күні және әрекет ету мерзімі ішінде оларға ешқандай санкциялар қолданылмайтындығына кепілдік береді. Әйтпесе, кеме иесі келісім-шарттарды дереу бұзуға құқылы.

Анықтама үшін: «Green-Line» ЖШС және оның басшылығы (Шепин А.В., Тихомирова М.В.) АҚШ, ЕО, Ұлыбритания және Канаданың санкциялық тізіміне енбеген.

Тәжірибеге және жасалған шарттарға сәйкес жалға алушы жүктің түрі мен оны тасымалдау бағыттары бойынша Кеме иесімен келіспейді.

«Green-Line» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылдан бері астық және мұнай трейдері ретіндегі эстониялық Mangelbert OU компаниясымен Украинадан Түркияға астық тасымалдау қызметін көрсетуге ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды.

Mangelbert OU басшысының айтуынша, 2022 жылдың 28 маусымында «ЖІБЕК ЖОЛЫ» кемесі Бердянск теңіз сауда портында (6 927,8 тонна) бидай тиеп, порттан Түркияның Қарасу порты бағытында шықты (болжалды уақыт бойынша кеменің келуі 2022 жылдың 1 шілдесі). Сонымен қатар астықтың украиндық екені, ал тасымалдау украиналық тараптың өтініші бойынша келісілген гуманитарлық дәліз бойынша жүзеге асырылатынына сенімді.

Бұл ретте «KTZ Express» АҚ осы тасымалдауға қатысушылармен, сонымен бірге дипломатиялық миссия өкілдерімен белсенді консультациялар жүргізеді. «KTZ Express» АҚ қолданыстағы санкциялық шектеулерді қатаң сақтауға міндетті екенін жете түсінеді.

Кеше БАҚ Украина Бас прокуратурасы жүк кемесін ұстап, қамауға алу жөнінде Түркияға сұрау салғанын хабарлады.

Бұл өтініштің нақтылығын Украинаның уәкілетті мемлекеттік органдары тексереді. Екі елдің елшілерімен белсенді консультациялар жүргізіліп жатыр.

Бұрын хабарланғанындай, астық сату мәмілесі эстониялық Mangelbert OU компаниясы мен түрік тарапы арасында жүргізілген. Еуропада тіркелген компания мәміленің заңды екенін мәлімдеп отыр. Жағдайды түсіндіру және халықаралық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ҚТЖ кемені жалға алушыға барлық растаушы құжаттарды (келісімшарттар, куәліктер және т.б.) қоса бере отырып, мән-жайды жедел түрде егжей-тегжейлі түсіндіруді сұрап хат жолдады.

ҚТЖ халықаралық құқық нормаларын сақтауға міндетті екенін растайды .

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить