Қазақстан жаңалықтар
30 июня 2022, 21:13
Шымкентте мүгедек балаларға бөлінген қаражатты жымқырды деген директор тергелуде
Шымкентте мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысы қаржысын ұрлады деген ұйым директоры тергеліп жатыр, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі
«Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті «Қамқор» жедел-алдын алу іс-шаралары нәтижесінде ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Видеодан алынған кадр
Вам может быть интересно: «Фердинанд Маркос-младший был приведен к присяге в качестве 17-го президента Филиппин»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter