Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады

1776

Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

«Үлкен дулыға» жарысы - Ұлыбритания ашық чемпионатының алғашқы айналымында қазақстандық теннисші әлемнің 59-ракеткасы, мажарстандық Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты. Бублик 6:1, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық спортшы 16 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Александр екінші айналымда әлемнің 64-ракеткасы, сербиялық Душан Лайовичпен күш сынасады. Бүгін сондай-ақ Михаил Кукушкин кортқа шығады. Оның қарсыласы - америкалық Дженсон Бруксби.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить