Ақмола облысының 130 кәсіпорны елорда нарығына өнім жеткізеді

2048

Аумақтық - географиялық орналасуын ескерсек, Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыратын негізгі субъект болып табылады, ortcom.kz деп хабарлайды.

Азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде 300 шақырымдық аймақ анықталды, оған облыстың барлық 20 өңірі кірді. Бұл туралы есеп беру кездесуінде өңір басшысы Ермек Маржықпаев айтып берді.

Қазіргі уақытта облыстың 130 кәсіпорны ауылшаруашылық өнімдерін жеткізумен айналысады.

«Олар өз өнімдерін елорданың Магнум, Астықжан, Смолл сияқты 44 ірі сауда нүктесіне және Еуразия, Әлем, Шапағат базарларына жеткізеді. Сондай-ақ өңірдің ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін сататын «Ақмол» дүкендер желісі жұмыс істейді. Жыл басынан бері 62 мың тонна сүт өнімдері, 14 мың тонна ет және ет өнімдері, 105 млн дана жұмыртқа жеткізілді. Жалпы, өңірде орта мерзімді перспективаға 266 млрд теңгеге 48 жаңа инвестициялық жоба қабылданды. Оларды іске қосу өсімдік майы өндірісін 3,5 есеге, көкөністерді жылыжай өндірісін 3 есеге, сүт-тауар фермаларындағы сүтті 1,5 есеге, барлық түрдегі етті 25%-ға, ұн мен жарма өнімдерін 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 5,5 мың тонна балық пен форель және бекіре уылдырығын шығару жолға қойылады», - деді әкім.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить