Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады

2888

Елордада 25 маусымнан бастап Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі аралықтағы жол жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Достық көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары басталғанын хабарлайды.

«Осы жылдың 25 маусымынан 5 шілдесіне аралығында Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады», – делінген ведомство хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп толықтырды басқармада.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить