Омаров Алматы қаласында БАҚ өкілдерімен кездесіп, медиа заңнаманы қайта қараудың жаңа тәсілдерін талқылады

Кеше министр Асқар Омаров Алматы қаласында БАҚ қауымдастығымен кездесіп, медиа заңнаманы қайта қарауға қатысты сауалдарды талқылады.

Іс-шараға үкіметтік емес ұйымдардың, телеарналардың, баспа басылымдарының және интернет-ресурстардың өкілдері қатысты.

Министр Асқар Омаров өз сөзінде жұмыс тобы әзірлеген, жаңа заңдағы реттеуді талап ететін бағыттар туралы айтып берді.

«Заң жобасын әзірлеуді біз барлық мүдделі тұлғаларды тарта отырып, ашық және айқын жүргізіп жатырмыз», - деп атап өтті министр.

Кездесудің модераторы журналист Асқар Джалдинов болды, ол іс-шара барысында кез-келген адам талқылауға өз ұсыныстарын бере алатынын атап өтті.

Жиын қорытындысында министр заң жобасын талқылау ашық өтетінін және осындай кездесулер тұрақты түрде болатынын айтты.

Шараға қатысушылар заң жобасына қатысты өз ұсыныстарын берді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3278 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить