ҚР президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды

3346

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева президент сыйлығы мен грантының иегерлерін, Алғысын алған шығармашылық ұжымдарды құттықтады.

Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы «Qazaq radiosy» радиостанциясының бас редакторы Дулат Абибуллаевқа, «31 арна» тілшісі Ерқанат Көпжасарұлына, «Индустриальная Караганда» бас редакторы Оксана Мягкихке және «Qazaqstan» директоры Еркін Мұхамеджановқа берілді.

Президент гранттарын «Жетісу» редакторы Сәния Байтарова, «Almaty» арнайы техника операторы Диаскен Байтибаев, «Хабар 24» телеарнасының жүргізушісі Әнуарбек Бірімжанов, «Baigenews kz» тілшісі Жадыра Жолмұхаметова иеленді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы «Adyrna» ұлттық порталының, «Ashyq alań» қоғамдық-саяси ток-шоуының, «Astana» радиосының, «Вечерняя Астана» қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымдарына табысталды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ Смотреть на Youtube