Ғиният Жамбыл облысындағы медициналық бұйымдар шығаратын зауыттың жұмысымен танысты

2198

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында медициналық бұйымдардың 200 - ден астам атауын, оның ішінде инфекциялық ауруларды (COVID-19, АИТВ, В гепатиті, TORCH, H. pylori және т.б.); кардиомаркерлер; онкомаркерлер; есірткі заттар және т.б. диагностикалау және анықтау үшін экспресс-тестілер шығаратын зауыттың жұмысымен танысты.

Кәсіпорын ISO 13485: 2016 "Медициналық бұйымдар. Сапа менеджменті жүйелері" халықаралық стандартқа сәйкес сертификатталған.
Оның өндірістік қуаты жылына 15 миллионнан астам медициналық бұйымдарды құрайды.

Сонымен қатар, компанияның фармацевтикалық қоймасы тиісті дистрибьюторлық практика стандартына (GDP) сәйкес сертификатталған.

Қойма үй-жайларының жалпы ауданы 3500 ш. м. құрайды.

Қоймада барлық жарамдылық мерзімі ішінде қауіпсіздікті, тиімділік пен сапаны қамтамасыз ететін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың әртүрлі топтарын сақтаудың 7 негізгі аймағы көзделген.

Зауытты аралау барысында А.Ғиният Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлегенін атап өтті, ол отандық фармацевтикалық өнімнің 2025 жылға дейін 50% - ға дейін өсуіне қол жеткізу бойынша ұсынылатын бірқатар шараларды қарастырады.

2021 жылы фармацевтика саласы негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі көлемінің оң динамикасын көрсетті.

"2021 жылы отандық фармацевтикалық кәсіпорындар 198,8 млрд теңгенің өнімін шығарды. Өнеркәсіп өндірісінің индексі (ӨӨИ) 123,9% құрады. 2022 жылдың 1 тоқсанында фармацевтика саласында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемінің 18,2% - ға өсуі байқалады.
Бүгінде фармацевтикалық өнімдердің экспортқа бағытталған жобалары бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде", - деп атап өтті министр.

Бұдан басқа, Қазақстанда ірі әлемдік фармкомпаниялармен ынтымақтастық және өндірісті жергіліктендіру бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

Ағымдағы жылы отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша дәйекті жұмыс жалғасатын болады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить