Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы бар

 Аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен іздеу жарияланған Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы табысталады, деп хабарлайды  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«Егер Сізде оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса, Агенттіктің телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз:

call-центр 1424

+7 (7172) 909 260

+7 (727) 278 7300

+7 (707) 978 0808

Масимовтың орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 12 000 000 теңгеге дейін сыйақы көзделген. Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі!» - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

Айта кетейік, сот Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған болатын. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздеу жариялағаны хабарланған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3642 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить