Көкшетауда 20 млн теңгенің контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді

20 миллион теңгеге контрабандалық темекі өнімдерін жолы кесілді. Заңсыз өнім Көкшетау қаласының дүкендерінде саудаланбақ болды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттіктің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментімен заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Газель» маркалы автокөлікті тексеру барысында акциздік таңбалары жоқ 34 500 дана темекі өнімдері табылып, тәркіленді. Темекі өнімдері көлікке Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әмір» әмбебап базарының аумағында тиеліп, Көкшетау қаласына жөнелтілген. Жедел іздестіру кезінде сол маркадағы темекілер табылды. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараты бойынша 34 500 дана темекінің құны 20 355 000 теңгені құрайды», - делінген хабарламада.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2718 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить