Қасымбек: Жыл қорытындысы бойынша экспорттың оң серпіні сақталады

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды ortcom.kz.

Өңірде экономиканың негізгі салалары тұрақты жұмыс істеуде. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 5 айдың қорытындысы бойынша 102,3% деңгейінде қалыптасты. Қазіргі кезде Президенттің тапсырмасы бойынша облысты 2 өңірге бөлу жүріп жатыр.

Ж.Қасымбек облыстар бөлінгенге дейін 5 ай бұрынғы нақты көрсеткіштерге тоқталды. «5 ай ішінде өнеркәсіп өндірісі 2,1%-ға өсіп, 2,1 трлн теңгеге жетті. Жыл соңына дейін өсудің оң қарқынын сақтау жоспарлануда. Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында экспорт көлемі 13,7% өсіп, 2,3 млрд АҚШ долларын құрады.

Сонымен қатар, Арселор Миттал Теміртау өнімдерінің экспорты бойынша мәселелер бар. Облыс бойынша оның шикізаттық емес экспорттың көлеміндегі үлесі бүгінде 35%-дан асады. Осы жылдың көктемінен бастап Ресей Федерациясына өнімдерді жеткізу бойынша қиындықтар туындады.

Алайда, кәсіпорын Еуропа елдеріне, соның ішінде Транскавказ дәліздерін пайдалана отырып, жаңа нарықтарды игеру мен өнімдерді жөнелту бағыттарын игеруде. Жыл қорытындысы бойынша экспорттың оң серпіні сақталады», - деді спикер.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1739 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить