Жаңа құрылған 3 облыстың көлік нөмірлері қандай болады

1942

Жаңадан құрылған үш облыста берілетін автокөліктің аймақтық нөмірлері жарияланды. Бұл туралы Ішкі істер министрлгінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ведомства дерегіне сай, көлік нөмірлеріндегі өңірлерлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.

«Осыған байланысты жаңадан пайда болған үш облысқа автокөліктердің өңірлерлік кодтарын мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19,Ұлытау облысы - 20», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Министрлік ақпаратына қарағанда, жаңа аймақтарда көліктің нөмір кодтарын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить