Индустрия министрлігі Қазақстанда көмір тиелген Ресей вагондарының бұғатталғаны туралы ақпаратты жоққа шығары

 ТМД медиа-кеңістігінде Қазақстан өз аумағында көмір тиелген ресейлік 1700 теміржол вагонының қозғалысын бұғаттаған деген ақпарат таралуда.Бұл хабарламалар шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Индустрия министрлігі хабарлайды.

«Шын мәнінде, Қазақстан аумағында көмір тиелген 1700 бірлік ресей вагондары жоқ. Ресей теміржолында да Қазақстанға бағытталған я болмаса Қазақстаннан шыққан көмірі бар вагондар тіркелмеген. Ресейлік әріптестермен штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз, экспорт пен импорт бойынша ешқандай кідіріс жоқ», – деді ҚР ИИДМ Көлік комитеті теміржол инфрақұрылымы және жүк тасымалы басқармасының басшысы Сәтжан Өзбеков.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресейлік транзиттік вагондардың кешігуі туралы жалған ақпаратты – екі ел арасындағы тату көршілік қатынастарды әлсіретіп, беделін түсіруге бағытталған қасақана жасалған іс-әрекет ретінде қарастырады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте