Экобелсенділер Батыс Қазақстан облысындағы киіктердің жағдайымен танысып қайтты

Экология министрлігі киік санының көбеюуіне байланысты қиын жағдай қалыптасқан Батыс Қазақстан облысына пресс-тур ұйымдастырды. Оған БАҚ өкілдері, экобелсенділер, блогерлер қатысты.

Соңғы ауадан зерттеу нәтежиесі көрсеткендей, Орал популяциясының саны 801 мың басқа жеткені белгілі болды – олар Ақжайық, Казталовка, Жәнібек, Бөкейорда өңірлерінде мекендейді.

Киіктердің көбеюі, әрине, қуантарлық жағдай, бұған мемлекет тарапынан жануарды қорғауға бағытталған шаралардың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Алайда, табындар шаруа қожалықтарына зиян келтіруде – үй жануарларының шөбін жеп, таптап, жайылымдар мен шабындық орындарына жатып алады. Мұндағы жергілікті халық негізінен мал шаруашылығымен айналысады, табыс-мал шаруашығы өнімдерін сатудан түсіп отыр.

Шараның басты мақсаты – қалың көпшілікке тек қана киіктерді қорғаушылардың ғана емес, сонымен қатар жергілікті халықтың ұстанымын да көрсету, қарапайым шаруалардың жан айқайын тыңдату.

Мамандардың пікірінше, киіктердің оралдық популяциясы көршілес облыстардың (Атырау, Маңғыстау, Ресей Федерациясы) аумақтары арқылы да қоныс аударған, алайда адам белсенділігінің артуына байланысты, бастапқы көші-қон жолдары бұзылған. Сондықтан киіктердің басым бөлігі бірнеше облыстардың аумағында ғана шоғырланған.

Екі күн ішінде шараға қатысушылар киіктердің мекендейтін аумағы арқылы 1000 шақырымдай жерді жүріп өтті, арасында жергілікті шаруалармен кездесулер де болды, оған Жәнібек, Казталов аудандарының әкімдері, облыстық маслихат депутаты Жарылғапов С.А., ветеринария дәрігері, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ профессоры Қушалиев Қ.Ж. және тағы басқалары қатысты.

Киіктердің негізгі төлдейтін жері Жақсыбай ауылының маңында жиналған шаруа қожалықтары басшыларының алдында Орман шаруашылығы және жануарлар дүнисеі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев мәселенің оңай емес екенін, барлық пікірлерді ескере отырып және Зоология институтының ғылыми ұсыныстарына сүйене отырып шешім қабылдау қажет екенін айтты.

Кездесулер барысында шаруа қожалықтарының басшыларынан ақбөкен популяциясын оңтайландыру жайлы және шабындықтары киіктерден ең көп зардап шеккен фермерлерге қаржылай көмек көрсету бойынша бірнеше ұсыныс түсті.

«Популяциясы азайған кезде халық киіктерді қорғауға шықты, енді санын реттеу керек», - деді жергілікті тұрғындардың бірі.

Қорытындылай келе, Д.Тұрғамбаев экспедицияға қатысушылардың барлығына, жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне, «Охотзоопром» РМК қызметкерлеріне алғысын білдіріп, «Ақбөкен Қазақстанның символдарының біріне айналды, оның тағдырын қалың жұртшылықтың, ғылыми ортаның және экологиялық белсенділердің пікірін ескере отырып жүйелі түрде шешу қажет. Біз үшін әркімнің пікірі маңызды», - деді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте