Дизель отынын заңсыз сақтау және өткізумен айналысқан қарағандылық сотталды

Қаржы мониторингі агентті Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз иемдену, сақтау және өткізу фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды  ведомствоның телеграм каналы.

«С.В. Шмидт өз үйінің аумағындағы гаражда құжатсыз мұнай өнімдерін сақтау және өткізу үшін үш цистернаны пайдаланғаны анықталды. 2021 жылы ол дизельдік отынды тасымалдауға және өткізуге заңдылығын растайтын құжаттарсыз әрқайсысының көлемі 1 000 литр болатын екі цистерна орнатқан жүк-жолаушы типті көлікті қайта жөндеуден өткізді. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу» туралы Заңының талаптарын бұзған, яғни мұнай өнімдерін олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу, сақтау және өткізуді іске асырған», - делінген ҚМА хабарламасында.

Сот үкімімен қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындала отырып, С.В. Шмидт қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

ҚМА мәліметінше, сот шешімімен тінту кезінде тәркіленген дизельдік отын мемлекет пайдасына жаратылады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте