ҚР Қарулы күштері бас штабының бастығы Түркия әскери-әуе күштерінің қолбасшысымен кездесті

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов Нұр-Сұлтанға екі күндік сапармен келген Түрік Республикасы Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы армия генералы Хасан Кючюкакюзбен кездесті, деп хабарлайды ortcom.kz.

Кездесу барысында тараптар екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын атап өтті. Екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды аспектілерінің бірі қорғаныс саласы екеніне тоқталды.

– Қазақстан Қарулы күштері жауынгерлік даярлық, арнайы операциялар күштері, әскери білім беру, әскери-техникалық саладағы, қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарды зерделеудегі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі, – деп атап өтті генерал-лейтенант Марат Құсайынов.

Сапар барысында армия генералы Хасан Кючюкакюз Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетовпен кездесті.

Сонымен бірге, қонақтар Ұлттық қорғаныс университетінде болып, Түркияның және өзге де елдердің әскери өнер аудиторияларымен танысты.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте