Теннисші Анна Данилина өз мансабындағы 25-ші титулды жеңіп алды

Қазақстандық Анна Данилина мен украиналық теннисші Валерия Страхова Францияда өткен жүлде қоры 60 мың АҚШ долларын құрайтын турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Теннис федерациясына сілтеме жасап.

Финалға өткен теннисшілер Мария Лурдес Карле (Аргентина)/Мария Тимофеева (Ресей) жұбын жеңді. Матч брейк алмасудан басталды, бірақ содан кейін Мариялар белсенділік танытып, қарсыластарының добын қатарынан үш рет қабылдап, партияны 6:2 есебімен жеңіп шықты.

Екінші сетте есеп 3:3 болып, шешуші сәт келді: Анна мен Валерия екі брейк жасап, ойынды 6:3 есебімен ұтты. Шешуші супер тай-брейкте қазақстандық-украиндық дуэт екі матч-пойнт ойнап, ақыры 14:12 есебімен жеңіске қол жеткізді.

Бұл – Данилинаның мансабындағы жұптық сайыстағы 25-ші атағы. Соның ішінде ол Халықаралық теннис федерациясының (ITF) жарысы аясында 24 жеңіске жеткен, сонымен қатар осы жылдың қаңтарында Сиднейде WTA250 сериясы турнирінде бразилиялық Беатриз Хаддад Майямен бірге жеңіске жетті. Сондай-ақ, бұл Данилинаның Стаховамен өткізген бесінші бірлескен турнирдегі жеңісі.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте