Киіктер бойынша бұйрық жобасы қайтарылды

Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғауды ұйымдастыру, нақтылап айтсақ, киіктерді пайдалануды 2023 жылға дейін тыйым салудың нәтижесінде олардың жыл сайынғы орта саны 40% – ға артып отырды.

2017 жылғы есеп бойынша киік басы 152 мың болса, 2022 жылы олардың саны 1,3 млнға жетті. Дегенмен, бұл жануарлардың республика бойынша оңтайлы саны 560-770 мың болу керек екен.

Әсіресе Батыс Қазақстан облысына ерекше назар аудару қажет – онда киіктердің саны 801 мың басты құрайды. Бұл өңірде жайылымдар мен суаттар үшін ауыл шаруашылығы жануарларымен киіктердің бәсекелестігі арта түскен.

Сонымен қатар, киіктер Бастыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында егістіктерге де зиян келтіруде.

Қазір, 2015 жылғы пастереллёз індетінің қайталану қаупі бар. Сол жылы 150 мың киік (бүкіл популяцияның 80%) қырылып қалған еді.

Қазіргі уақытта киіктердің санын басқару мақсатында, ғылыми биологиялық негіздеме әзірленуде.

Оның қорытындысы бойынша киіктердің санын реттеу мәселесі бойынша шешім қабылданады.
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті НҚА (нормативтік құқықтық актілер) ашық деректер порталында киіктің дериватын жинауға бұйрық жобасын жариялады. Аталмыш бұйрық жобасы табиғи өліммен өлген киіктердің дериваттарын жинауға бағытталған.

Алайда, комитет бұйрықтың бұл жобасын пысықтау үшін Ашық НҚА-дан қайтарып алды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте