Қорғаныс ведомствосы жабық әскери қалашықтардың тізбесін жаңартуда

Қызметтік тұрғын үйлер жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы әзірленді.

Құжат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленіп отыр.

Бұйрықтың жобасында қызметтік тұрғын үй жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту ұсынылған.

Құжаттың толық мәтінімен 2022 жылғы 22 маусымға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте