Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары Нұр-Сұлтанда кездесу өткізді
«Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының алдағы кеңесі шеңберінде түрікмен тарапының бастамасы бойынша Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстан министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Нұр-Сұлтан мен Ашхабадтың достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге өзара ниетін растады. Көпжақты құрылымдардағы өзара іс-қимыл, оның ішінде алдағы халықаралық және өңірлік іс-шараларға жоғары және аса жоғары деңгейлерде қатысу мәселелері қаралды.
Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Вам может быть интересно: «Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды»