Қазақстан жаңалықтар
2 Июня 2022, 15:51
Балқашта әріптесіне оқ атқан әскери қызметкер қамауға алынды
Балқаш қаласында әскери қызметкердің оққа ұшуына қатысты оқиға тергеліп жатыр. Бұл туралы Бас әскери прокуратура хабарлайды.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ІІМ Орталық өңірлік Әскери тергеу басқармасының Қарағанды бөлімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Қорғаныс министрлігінің 53898 әскери бөлімінің зардап шеккен әскери қызметкеріне ота жасалды, оның жағдайы өте ауыр. Оның күдікті әріптесі 31 мамырда ұсталып, Балқаш қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Оқиғаға қатысты кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Вам может быть интересно: «Нидерланды и Германия будут вместе разрабатывать новое месторождение газа в Северном море»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes