Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының төртінші отырысының коммюникесі

Тегеранда Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті.

Келіссөздерге Әзербайжан Республикасының (басшысы – Х.А.Халафов), Қазақстан Республикасының (басшысы – З.А.Аманжолова), Ресей Федерациясының (басшысы – М.И.Петраков) және Түрікменстанның (басшысы – М.Г.Атаджанов) делегациялары қатысты.

Отырыста М. Баримани (Иран Ислам Республикасы делегациясының басшысы) төрағалық етті.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес Каспий теңізінде тікелей бастапқы сызықтарды белгілеу әдістемесі туралы келісім жобасы талқыланды. Бұл құжатты келісу одан әрі жалғасатын болады.

Тараптар Түрікменстанда өтуі жоспарланған Алтыншы Каспий саммитіне дайындалуға қатысты мәселелерді қарастырды, сондай-ақ Каспий теңізіндегі ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша пікір алмасты.

Делегациялар өткен келіссөздерге оң баға беріп, отырысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Иран Ислам Республикасына ризашылықтарын білдірді.

Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының келесі отырысы Түрікменстанда өтеді.

Отырыстың өтетін күні дипломатиялық арналар арқылы келісілетін болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2941 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить