Алан Құрманғалиев Испанияда өткен халықаралық бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінді

3038

Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев халықаралық аренада тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алан Құрманғалиев Испанияда өтіп жатқан халықаралық «WTT Youth Contender» турнирінде бақ сынады. Аталған додаға Азия, Еуропа және Оңтүстік Американың спортшылары бақ сынады.

15 жас санатындағы спортшылар арасында Алан Құрманғалиев Давиде Лоренцо (Италия), Олег Стефанович (Польша), Тиаго Олхеро (Португалия), Куо Гуан-Хонг (Тайпей), Тамито Ватанабе (Жапония), Тиаго Абиодана (Португалия) сынды атлетті ұтып, жүлделі екінші орынға ие болды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить