Әлихан Смайылов Ақмола облысын дамыту жөнінде тапсырма берді

2154

Ақмола облысына жұмыс сапары барысында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

2022 жылы Ақмола облысын дамытуға 118 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар республикалық бюджетті нақтылау аясында қосымша 52,2 млрд теңге бөлінді.

Экономиканы әртараптандыру мақсатында биыл өңірде жеке инвестициялар есебінен жалпы құны 273 млрд теңгені құрайтын 169 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар әкімдік Көкшетауда ЖЭО және көпсалалы аурухана салу, Бурабай ауданында курорттық аймақ, Аршалы ауданында жел электр станциясын, сондай-ақ Зеренді ауданында құс фабрикасын және құрама жем зауытын салу секілді 1 трлн теңгеге 135 жобаны пысықтап жатыр.

«Жоспарланған жобалардың бәрін уақытылы іске қосып, жаңа жобаларды сапалы түрде пысықтау қажет. Әкімдік бұл мәселелерді ерекше бақылауда ұстағаны жөн», — деді Әлихан Смайылов.

Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдігіне бірқатар тапсырма берді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить