Шетелдік дипломаттар жалпыұлттық референдумға дайындық барысымен танысты

1604

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Орталық референдум комиссиясы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі 5 маусымдағы жалпыұлттық референдумға арналған Нұр-Сұлтан қаласында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер үшін бірлескен брифинг өткізді.
Іс-шараны бастай отырып ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде «Мемлекет референдумды үздік демократиялық стандарттар мен қағидаттарға сәйкес әділ және ашық түрде өткізуге мүдделі» екенін атап өтті. Қазақстан халықаралық әріптестер тарапынан дауыс беруді объективті бағалауға және Президент Қ. Тоқаевтың реформалар күн тәртібін одан әрі қолдайтындарына үміт артатынын атап өтті, передает ortcom.kz.

ҚР Орталық референдум комиссиясының (ОРК) төрағасы Нұрлан Әбдіров алдағы дауыс беруге дайындық барысы және оның негізгі рәсімдік аспектілері туралы баяндап берді. Азаматтардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың еркін ерік білдіруі үшін жағдайларды, сондай-ақ азаматтардың өзінің сайлаушы ретінде тіркелуін тексеру, дауыс беру процесі туралы ақпаратты барлық азаматтарға жеткізу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. «Орталық референдум комиссиясы өз жұмысын заңға қатаң сәйкестікте құрып, ашықтық және жария диалог қағидаттарында әрекет етеді. Барлық отырыстар БАҚ қатысуымен өткізіледі, интернетте тікелей трансляция жүргізіледі. Біз үкіметтік емес ұйымдармен, сарапшылар қауымдастығымен және халықаралық институттармен ынтымақтастықты жақтаймыз», - деп атап өтті ОРК төрағасы.

Оның айтуынша, Комиссия өңірлерде үлкен жұмыс жүргізіп, жұртшылықпен және учаскелік комиссия мүшелерімен кездесулер өткізеді, азаматтарды референдум туралы хабардар етеді, шетелдік бақылаушылар тарапынан айтарлықтай қызығушылық байқалады.

ОРК мәліметінше, бүгінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ, ТМД, Түркі мемлекеттерінің ұйымы, сондай-ақ 13 шетел мемлекеттен 105 бақылаушы тіркелді.

Науқан шеңберінде жалпыұлттық және өңірлік қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау бойынша ҮЕҰ үшін оқыту семинарлары өткізіледі.

Пікір алмасу барысында шетелдік дипломаттар елімізде орын алатын тарихи оқиғаға қызығушылық танытты. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды Орталық референдум комиссиясының басшылығына қоюға және алдағы дауыс беру тақырыбын мазмұнды талқылауға мүмкіндік алды.

Н.Әбдіров осыған байланысты дипкорпусқа «шет елдердің сайлау органдарымен тығыз байланыс орнатуға, сайлау мен референдум саласында тәжірибе алмасуға ұдайы жәрдемдескені үшін» алғыс айтты.

СІМ және ОРК басшыларымен кездесуге 70-тен астам шетелдік дипломат, оның ішінде 41 елші, 10 уақытша сенімді өкіл және 3 халықаралық ұйым өкілдіктерінің басшылары қатысты. Сонымен қатар іс-шараға Қазақстанның елшілері мен ҚР шет елдердегі мекемелерінің басшылары онлайн қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру күні шетелде жүрген қазақстандықтар әлемнің 52 еліндегі ҚР дипломатиялық өкілдіктері жанынан ашылған 65 сайлау учаскелерінің бірінде референдумға қатыса алады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить