Ташкентке баратын ұшақ жолаушысы 9 млн теңге алып кетпек болған

1237

Елордадан Ташкентке ұшатын ұшақтың жолаушысы өзімен бірге 9 млн теңге алып кетпек болған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді.

«Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері ҰҚК шеқара қызметі мен Әуежай бақылау қызметі мамандарымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан-Ташкент бағытында қатынайтын авиарейсімен ұшатын жолаушыларды кедендік бақылау жүргізгеннен кейін аталған заң бұзушылықтың жолын кескен.

«Оның қолжүгін рентген арқылы қарағаннан кейін жолаушы жүк бөліміне шақырылды. Тексеру барысында оның сөмкесінен 21 650 АҚШ доллары (9 млн теңге) анықталды. Бұл дерек бойынша әкімшілік материал толтырылды», - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, ел Президентінің биылғы 14 наурыздағы Жарлығымен Қазақстаннан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын және әкету күніне белгіленген Ұлттық банк бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасы және шетел валютасындағы ақша құралдарын; Ұлттық банк шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 грамм аффинирленген алтын құймаларын және ALTYN BARYS алтынынан, КÚMIS BARYS күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынған.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить