Қазақстанның бір топ аудиторлары Прагадағы ЕУРОСАИ-дың пост-конгресіне қатысты

Іс-шараға Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Греция, Испания, Израиль, Латвия, Литва, Люксембург, Нидерланд, Польша, Португалия, Косово, Молдова, Румыния, Словакия, Черногория, Чех және басқа да 20-дан астам жоғары аудит органдарының (ЖАО) өкілдері қатысты, деп хабарлайды ortcom.kz.

Кездесуді Чех Республикасының Жоғары аудит офисі ұйымдастырды. Іс-шара шеңберінде Есеп комитетінің Төрайымы Молдова, Польша, Португалия және Чехия жоғары аудит органдарының бірінші басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

Сондай-ақ Австрия мен Швецияның жоғары аудит органдарының өкілдерімен де кездесулер болды. Сонымен қатар, іс-шара барысында мемлекеттік аудит саласында тәжірибе алмасу, соның ішінде электрондық үкімет жобалары, аудиторлық қызмет нәтижелерін жариялау және басқа да мәселелер бойынша семинарлар өтеді деп жоспарланған.

*** Еуропалық жоғары аудит органдарының ұйымы (ЕУРОСАИ) өз қатарына 195 елдің жоғары аудит органдарын (бұдан әрі – ЖАО*) толық құқылы мүше ретінде, 5-уін - қауымдастырылған мүше ретінде және 1-уін - үлестес мүше ретінде біріктіретін ИНТОСАИ (Халықаралық жоғары аудит органдарының ұйымы) өңірлік ұйымдарының бірі болып табылады. ИНТОСАИ Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін қолдайтын ұйым дәрежесіне ие.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте