Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде ауылдық жерлерде кадр ресурстарының теңгерімсіздігі байқалады
Денсаулық сақтау жүйесінде барлық ведомстволарды ескере отырып, медицина қызметкерлерінің саны шамамен 270 мыңды құрайды, оның 78 мыңнан астамы – дәрігер және 189 мыңға жуығы – орта медициналық персонал.
Шын мәнінде, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлік персоналмен қамтамасыз етілу 40,9, ҚМЖ – 98,7 құрады, оны ЕО елдерінің көрсеткіштерімен салыстыруға болады. Сонымен қатар, еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде қаламен салыстырғанда ауылдық жерлерде кадрлық ресурстардың теңгерімсіздігі байқалады. Ауылдық жерлерді дәрігерлермен қамтамасыз ету 10 мың тұрғынға шаққанда 17-ні құрайды, ал 10 мың тұрғынға шаққанда қала дәрігерлермен қамтамасыз етілген - 57.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен медициналық көмектің сапасын арттыру шараларына арналған дөңгелек үстел барысында ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Гүлнафис Жүсіпалиева мәлім етті.
Денсаулық сақтау кадрларымен қамтамасыз етудің негізгі проблемалары, оның айтуынша, денсаулық сақтау жүйесіндегі кадрлардың теңгерімсіздігі; медицина қызметкерлерінің кәсіби қорғалмауы; медицина қызметкерлері еңбегінің төмен уәждемесі, жергілікті жерлерде әлеуметтік қолдаумен жеткіліксіз қамту; МСАК дәрігерлерінің жүктемесі; кадр ресурстарының көші-қоны.
«Жыл сайынғы кадрлардың кетуі кәсіби қанағаттанбау, жалақының төмендігі, ауыр еңбек жағдайлары, жауапкершіліктің артуы, сондай-ақ мансаптық өсу перспективаларының болмауы себебінен, әсіресе, таяу шет елдерге кетуі орта есеппен 1100 адамды құрайды. Осы проблемаларды шешу үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігердің жалақысы орта есеппен 30% - ға (189 мың теңгеден 246 мың теңгеге дейін) және ҚМЖ 20% - ға (120 мың теңгеден 145 мың теңгеге дейін) кезең-кезеңімен ұлғаяды», - деп атап өтті спикер.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»