Анна Данилина Мароккодағы жарысты сәтті бастады

Қазақстандық Анна Данилина Рабат (Марокко) WTA жарысының іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында жапониялық Ена Шибахарамен шеберлік байқасты. Анна Данилина қарсыласын 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.

Е.Шибахара 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті. Данилина іріктеу сайыстарының финалында ресейлік Екатерина Рейнгольдпен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте