Қазақстанның Өзбекстанға шикізаттық емес экспорты 42%-ға өсті

QazTrade компаниясының хабарлауынша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өңделген тауарлардың тауар айналымы 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында $610,1 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,3% - ға жоғары ($503 млн).

2022 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстаннан Өзбекстанға өңделген тауарлардың экспорты 41,9%-ға өсіп, $469,3 млн құрады.

Өзбекстанға экспорттың өсуі өңделмеген алюминий, жеңіл автомобильдер, маргарин, болат прокаты, бидай немесе қара бидай ұны, теледидарлар, мониторлар және проекторлар сияқты өңделген тауарларды жеткізудің артуымен негізделеді. Сонымен қатар, Қазақстан легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттарды, өсімдік майларын, минералды тыңайтқыштарды, мұнай өнімдерін, қой етін, құбырларды және т. б. экспорттайды.

2022 жылғы қаңтар-наурызда Өзбекстаннан Қазақстанға өңделген тауарлар импорты 18,2%-ға төмендеп, $140,8 млн құрады.

Қазақстан Өзбекстаннан жеңіл автомобильдер мен автокөлікке арналған шанақтарды, ұшқынмен от алатын іштен жану қозғалтқыштарын, винилхлорид полимерлерін, этилен полимерлерін, азот тыңайтқыштарын, карбонаттарды, кептірілген жемістерді, жаңғақ немесе кептірілген жемістер қоспаларын, құрылыс кірпіштерін, едендерге арналған блоктарды және қыштан жасалған ұқсас бұйымдарды, жылтыратылмаған керамикалық плиткаларды және т. б. импорттайды.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жалпы тауар айналымы (шикізат және өңделген тауарлар) 2022 жылғы қаңтар-наурызда $1,0 млрд құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ($0,8 млрд) 27,2%-ға жоғары.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2963 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить